Италия тілін не үшін үйрену керек?

Қазіргі заманда неге соншалық көп адамдар италия тілін үйреніп жүр?
Басқа тілдердің саяси және экономикалық маңыздылығына қарамастан, италия тілін үйреніп жүрген адамдардың саны тіпті италиялыктар қоныс аудармаған елдерде де ұдайы түрде өсіп келеді. Бұған мұрындық болып отырған себеп – мәдени баю, одан кейін білім алуға және жұмысқа,туризмге деген қажеттіліктің пайда болуы немесе сентименталдық себептер.
Италия тілі – ол мәдениет тілі, Данте, бельканто және лирикака тілі. Ол ұлы өнер қайраткерлерінің, суретшілердің, ақын, жазушылардың, философтардың тілі. Мұнан басқа, италия тілі – Папаның тілі, латын тілімен қатар Ватиканның  ресми тілі болып табылады.
Италия тілі – ол әуенді, ашық, әр түрлі және қанық тіл, сондықтан басқа тілдермен салыстырғанда оны үйрену тек оңай ғана емес, сондай-ақ жағымды.
Италия тілі – ол: сәннің, тағамның, автокөліктердің «Made-in-Italy» тілі. Тұтасымен, италия тілі – ол сапа, стиль мен өмірге деген құштарлықтың ұштасқан тілі. Италия  тілі – ол «Dolce vita».
Италия тілі рөлінің маңызды болу себебі: оның Италияның ресми тілі болуы. Бұл ретте, италиялыктар – шығармашыл, ашық және бауырмал халық.
Италия тілін білу тұлғалық, мәдени және кәсіби өсу болып табылады. Италиялық өнеркәсіп бұрынғыдай әлемде басты орындардың бірін алады.





Precedente Info - Kazako Successivo Aldo Manuzio